• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Маусым, 2020

Мәдениет және спорт саласындағы педагогтердің жалақысы 20 пайызға ұлғаяды

2934 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде мәдениет және спорт саласындағы  мамандандырылған мектеп және колледж педагогтерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейін 20 пайызға ұлғаятынын айтты.

- Қазақстанда әдебиет және өнер қайраткерлеріне, талантты жастарға мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында берілетін Тұңғыш Президент – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы 240-тан 660 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ ол ғылым, мәдениет және өнер  саласындағы дарынды жастар жыл сайын Тұңғыш Президент – Елбасы қоры премиясының лауреаты атанып келе жатқанын атап өтті.

- Ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының профессор, оқытушылар құрамына лауазымдық жалақы мөлшеріне 1,75 коэффициенті сақталып отыр. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Мәдениет және спорт саласындағы  мамандандырылған мектеп және колледж педагогтерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейін 20 пайызға ұлғайып отырады, - деді министр.